Ел болашағы – білімді ұрпақ » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » » Ел болашағы – білімді ұрпақ
02
март
2021

Ел болашағы – білімді ұрпақ

Ел болашағы – білімді ұрпақ
  





САДЫКОВА Жанат Асанқызы,
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектепгимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты:
а)Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.
ә)Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын,
сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен
шығармашылық қиялын дамыту.
б)Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, ой
қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, даналық сөздер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Бұл кезеңде бүгінгі болатын
сабақтың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәнін айту.
ІІ. Кірісе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, Елбасымыз айтқандай,
«Жастың қуаты- білімі мен білігінде, бірлігі мен
патриоттығында-демекші,бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Ел
болашағы-білімді ұрпақ»деп аталады.
Білімді бала-белсенді болу,өз пікірін еркін айта білу, өзіне
сенімді болу, өзгенің пікірін тыңдау, бір-бірін құрметтеу керек.
Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу.
Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап
отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу
арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге
күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.
«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт
қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа
ие боласың.

- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,
Бүлдіршіндер алау оттай жалында,-дей отырып,
•Білім туралы білетін такпактарын айткызу.
•21-ғасырдың балалары қандай болуы керек?
•Окушымен жеке жұмыс.
- Бала өз бойындағы іскерлік қабілетін аша білу керек
- Шығармашыл болуы керек
-Жаңашыл
Білім минуты- «Бәйге» деп аталады.Сұрақ-жауап алу.
1.Білім күні қай күн?
2.Қ.Р. рәмідерін ата.
3.Тәуелсіздік алған күн.
4.Жылдың төрт мезгіліне өлең шығарған ақын.
5.Апта күндерін айт.
6.Бір өркешті түйе қалай аталады?
7.Қасиетті ай-қай ай?
8.22-наурыз қандай күн?
9.Спорттық ойын түрлері
10.Ы.Алтынсарин кім?
11.Сөз таптарын ата.
12.Геометриялық фигураларды ата.
13.Математикалық амалдар нешеу?
14.9-санының квадраты нешеге тең?
15.Азайту амалының компоненнтерін ата?
16.Қазақтың салт-дәстүрлерін білесің бе?
17.Адамдардың қатынас құралы (тіл)
18. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм)
19. Жер күнді айнала ма, күн жерді айнала ма ?
20. Біздің туда не бейнеленген? – Ұлттық ою қошқар мүйіз,
қыран бүркіт, күн
21.Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері кім? - Тоқтар
Әубәкіров
22.Абылайханның шын аты . (Әбілмансұр)
23.Қазақтың атақты суретшісі. (Ә.Қастеев)
• Білімді бала қандай болуы керек?

(Жазылым) Оқушылар өз ойларын дәптерге түсіреді. 2-3
балаға оқыту.
Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды
қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.
Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл –
қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам
білім – танымға тойымсыз келеді. Осыған керісінше ,кейбір
адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді.
Білім де талпынсаң қонады. Ал тереңге бойлау үшін талап
керек.«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте
оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби баба- мыз.
Сендер саналы,білімді азамат болуларың үшін,бірінші
парыздарың не деп ойлайсыңдар?
Білім алу.
Отанды сүю, құрметтеу.
Ана тілімізді құрметтеу.
Ұлтжанды азамат болу.
Атамекенді,туған жерді сүю.
Денсаулығы сау,мыкты азамат болу.
Макал-мәтел айту.
Білім, оқу, кітап,өнер туралы білетін мақал-мәтелдерін сұрау.
Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана
бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит
басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып
еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ.
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп
білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына
бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы
жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі
үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен
өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын
көп оқу керек.
Біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп,
дамыған елдердің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді
де саналы ұрпақ өсуі қажет.Сол ұрпақ - біздің болашағымыз
сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында»
екенін ұмытпағандарыңыз жөн.
Алматы қаласы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: