«Дублер күні» » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
04
октябрь
2022

«Дублер күні»

2022 жылдың 30 қыркүйек күні Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелері, мектеп парламенті «Дублер күнін» ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары өздерін ұстаздар рөліне алмастырып көрді. Олар алдын-ала пән мұғалімдерімен біріге отырып сабақ жоспарларын даярлап, орта және бастауыш сынып оқушыларына әр түрлі пәндерден сабақ өткізді. Дублёр күні барлығы 1424 оқушы қамтылды.Мереке соңы оқушылар дайындаған концертке ұласты.
Оқушылар өздерінің ән, би, оқыған өлең жолдары арқылы ұстаздарға деген алғыстарын, олардың тек білім ғана беріп қоймай, жан жылуын қоса беретіндігіне ризашылықтарын білдірді.
Ұстаздар қауымы да тамаша сезімде бойларына күш-қуат алып, қуанышта болды.

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: