«Алматы ұстазы» » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » «Алматы ұстазы»
02
август
2022

«Алматы ұстазы»

«Алматы ұстазы» байқауының жеңімпаздары Финляндияда тағылымнамадан өтеді
1 тамызда «Алматы ұстазы» байқауына өтініш қабылдау басталды. Байқаудың бес жеңімпазына Финляндияға барып тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды, - дейді қалалық білім басқармасының жетекшісі Ляззат Жылқыбаева брифинг барысында.
Өтініштер almatyustazy.kz порталында қабылданады.
«Біздің мақсатымыз – 36 жасқа дейінгі дарынды және шығармашыл жас мұғалімдерді іріктеу. Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі», - деді Л.Жылқыбаева.
Ведомство басшысы алматылық мұғалімдерді шетте қалмауға және байқауға қатысуға өтініш беруге, ал оқушыларды өз тәлімгерлерін белсенді қолдауға шақырды.
#AkimatAlmaty

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: