«Тәуелсіздік – тұғырым» » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » «Тәуелсіздік – тұғырым»
20
декабрь
2021

«Тәуелсіздік – тұғырым»

Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында білім беру ұйымдары оқушыларының және колледж студенттерінің арасында шығарма жазу байқауы өткізілді.
Байқау жұмыстарын тексеру үшін құрылған комиссия мүшелері байқауға келіп түскен жұмыстарды бағалап, жүлделі орындарға сай жазылған жұмыстарды іріктеді. Шығарма жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- жеке көзқарастың болуы;
- фактілі дәлелдердің болуы;
- терминдердің қолданылуы;
- дәйексөздердің келтірілуі;
- әртүрлі көзқарастардың мысалға алынуы;
- салыстыру және қорытындылау әдістерінің қолданылуы;
- сауаттылықтың сақталуы (орфография мен пунктуация);
- қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеменің жасалынуы.
Аталған критерийлерді негізге ала отырып, комиссия мүшелері келесі жүлделі орындарды белгіледі.
5-11-сынып және колледж білім алушылары арасында қазақ тілінде білім алатын мектептер бойынша қазақ тілінде шығарма жазып, жүлделі II-орынды оқушымыз - Асылбек Зерде қанжығасына байлады.
Зердеге алдағы күндерге де толағай табыс тілейміз!
@edu.almaty @almaty_mektepteri
#яссауиізбасарлары

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: