«Бала құқығы – ата-ана міндеті» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » «Бала құқығы – ата-ана міндеті» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
21
ноябрь
2023

«Бала құқығы – ата-ана міндеті» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Мектебімізде 2023 жылы 13 қараша күні «Бала құқығы – ата-ана міндеті» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың 1-бөлімінде ата-аналар мектептің ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. 2-бөлімінде мектеп директорының міндетін атқарушы Абаганова Н.М. 2 тоқсан нәтижесімен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдықова А.Н. «Бала құқығы – ата-ана міндеті» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелеріне тоқталды (жол, түнгі уақытта үлкендерсіз көшеде жүрмеуі, ата-аналардың рұқсатынсыз кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта көшеге және қалаға шықпауын қадағалау, оқушылардың ұялы телефондарын ата-аналар тексеруін және бақылауда ұстауын назарға алу, т.б.с.с).
Жиналыста күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Жиналысқа келген ата- аналар жаңалықтардан хабардар болып, өз ойларындағы бірнеше сұрақтың жауабын алды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: