Күз мерекесі » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
22
ноябрь
2023

Күз мерекесі

Күз мерекесі — ең жарқын және көңілді іс-шаралардың бірі. Біздің мектепте «Алтын күз-2023» мерекесі өтті. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан.
Мектебімізде ұйымдастырылған байқау жаңа форматтағы таныстырумен басталып, «Өнер – өмір жемісі» кезеңінде шәкірттеріміз поэзиялық қойылым, құлақ құрышын қандырар әуендер және мың бұрала билеген бишілеріміз бүгінгі мерекенің көркін ашты.
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және мектеп президенті Сейтқас Ғайни аталған іс-шараның ұйымдастыру кезеңінен бастап, байқау барысын қадағалап, кезекшілік атқарды. Байқау соңында мектеп президенті мен өзін-өзі басқару ұйымы ата-аналар мен ұстаздардан сұхбат алды. Байқау көрермендері ерекше эмоция, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: