"Берекелі, Алтын күз!" » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » "Берекелі, Алтын күз!"
21
ноябрь
2023

"Берекелі, Алтын күз!"

"Берекелі, Алтын күз!"
2023 жылдың 13 қазан күні, "Берекелі, Алтын күз!" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Күз мезгілі бай екендігі, өз жұмыстарында қандай табиғи материалды қолдануға болатындығы туралы әңгімелер жүргізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан қиялдап, ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады. Табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етеді. Ата-аналар балаларымен бірге күлкілі ойыншықтар, сүйікті ертегілеріндегі сүйкімді кейіпкерлерін нағыз өнер туындысы деп атауға болатын туындылар жасап әкелді. Ешқандай жұмыс қайталанбады. Бірнеше бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысы басқаларына ұқсамайды. Балалардың ата-аналарының өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы, барлық отбасы мүшелерін біріктіреді, бір-біріне жақын адамдар бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Баласымен шағармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: