Алматы әкімі қала педагогтарын мұғалімдер күнімен құттықтады » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» Алматы әкімі қала педагогтарын мұғалімдер күнімен құттықтады
03
октябрь
2022

Алматы әкімі қала педагогтарын мұғалімдер күнімен құттықтады

Алматы әкімі қала педагогтарын мұғалімдер күнімен құттықтады
Әріптестер арасында мерекені атап өтуге 2,5 мыңнан астам педагог, еңбек ардагері, оқытушылар әулеттерінің өкілдері келді. Қала әкімі Ерболат Досаев жиналған қауымға өзінің игі еңбегі мен жас буынды тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
"Алматы ұстазы" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де өтті.
"Биыл біз жас мұғалімдерді табуға, балаларымыздың әлеуетін ашуға, ХХІ ғасыр дағдысын қалыптастыру үшін олардың шығармашылық бастамаларын қолдауға баса наза аудардық. Қаланың жеті мыңнан астам жас педагогтерінің үш мыңнан астамының өтінім беруі үлкен нәтиже", - деді қала әкімі.
Жас мұғалімдерге арналған байқау 3 кезең бойынша өтті. 3000-нан астам педагог білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша дағдысын көрсетті. Жеңімпаздар Финляндияда тағылымдамадан өтеді. Гран-при иегері де қомақты сыйлыққа ие болды. Суретті жылжытып жеңімпаздар тізімін көріңіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 октябрь 2022 Askhat Aimagambetov
01 сентябрь 2022 1 Қыркүйек
02 август 2022 «Алматы ұстазы»