ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
12
май
2021

ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК

ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК

Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады
🔔9 және 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау 25 мамыр күні соғылады. Аттестаттарды табыстау рәсімі мектеп алаңында маусым айының ортасында өткілмек.
🔔Соңғы қоңырау рәсімі 25 мамырда санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің келісімімен өткізіледі деп жоспарланған. Соңғы қоңырауды өткізу форматы туралы шешімді әр мектеп өзі қабылдайды. Ал, 9 және 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты жиын мектеп аумағында таза ауада ұйымдастырылады.
💬«Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл оқушылар үшінші тоқсаннан бастап, негізінен, дәстүрлі форматта оқып жатқанын білесіздер», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
📜Қорытынды аттестаттау аяқталған соң 12-14 маусым аралығында мектеп түлектері үшін ашық алаңда мектеп бітіру кештері ұйымдастырылады. Салтанатты іс-шара барысында орта білім туралы аттестаттар табыс етіледі. Оқушылар саны аз мектептер бітіру кешін барлық сынып үшін бір уақытта өткізе алады. Егер мектептегі түлектер саны көп болса, салтанатты шараны әр түрлі күндерде өткізу ұсынылады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: