“Қожа Ахмет Яссауи 930 жыл: Тарих тағылымы қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде” » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » “Қожа Ахмет Яссауи 930 жыл: Тарих тағылымы қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде”
29
январь
2024

“Қожа Ахмет Яссауи 930 жыл: Тарих тағылымы қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде”

2024 жылдың 26 қаңтарында Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен Қ.А.Яссауи атындағы #123 мектеп-гимназиясы “Қожа Ахмет Яссауи 930 жыл: Тарих тағылымы қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
📚📑📝 Конференция 3 бөлімнен тұрды.
1️⃣-бөлім “Өркендеу” жобасының негізінде мектеп,қоғам,отбасы үштағанды байланысты орната отырып мектеп ұстаздары: Г.М.Ақбүркітова “Ата” мектебінің мүшелерімен “Атадан қалған асыл сөз”, Қ.С.Аманова “Аға” мектебінің мүшелерімен “Ағадан - ақыл, ініден - ізет”, Р.Қ.Кенжебаева “Әке” мектебінің мүшелерімен “Әке - отбасының тірегі” тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
2️⃣Ашық сабақтардың легі 2-бөлімде пленарлық баяндамалармен жалғасын тапты. Пленарлық отырыста Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ ректоры - Ж.А.Темирбекова, Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы - О.Ш.Қолдасова, Моңғолия мемлекетінің Моңғол балаларына білім беруді зерттеу секторының ғылыми қызметкері - З.Жаубай, Моңғолия мемлекетінің Ховда университетінің Баян-Өлгий аймағындағы бөлімшесінің директоры, PhD доктор - Г.Сабиханқызы, Түркия мемлекетінің Эрджиес университетінің PhD докторы - Ж.Сахи, Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялаодың ғылыми-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік және инновациялық бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының магистрі - С.С.Жумабеков құттықтау сөз сөйлеп, білім мен ғылым, ұлттық тәрбие мәселелеріне қатысты ой қозғады. Сондай-ақ, отандық және шетелдік ғалымдар: Ж.Баласағұн атындағы университетінің профессоры (Қырғыз республикасы) - Р.Т.Сулайманова “Қырғыз Республикасындағы педагогикалық кадрларды даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері”, Монғол ғылыми-зерттеу академиясының Баян-Өлгий аймағы бөлімшесінің меңгерушісі, PhD доктор (Моңғолия республикасы) - М.Қанжарбайұлы “Моғол мемлекетіндегі білім берудің ерекшеліктері мен даму беталысы”, Низами атындағы Мемлекеттік университетінің профессоры (Өзбекстан Республикасы) - Қ.Сейданов “Саналыға айтар сыр немесе Қазақ жастарына ұлылардан ұлағат”, Рицумикан университеті Кинугаса зерттеу ұйымы, ғылым докторы (Жапония Мемлекеті) - А.Г.Кайхэ “Жапондық білім-тәрбие жүйесінің замануи ерекшеліктері: Инновациялылығы, бәсекелестігі және болашағы турғысынан саралау”, Қытайдың “Heng shui zhi zhen” Білім беру технологиялық тобының атқарушы директоры (ҚХР) - С.Вэнли “Қытай университеттеріне қабылдау емтихандарының параллелді ықтималдығын талдау”, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры - Қ.Қ.Құнапина “Дәстүрлі құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі”, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ профессоры - Д.Т.Кенжетай “Қ.А.Яссауи мұрасы - ұлттық тәрбие құндылықтарының көзі”, Абай атындағы ҚҰПУ доценті - Қ.Сарқытханұлы “Ата мен ана - бала тәрбиесінің тал бесігі”, ҚР Мемлекеттік прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры - С.М.Айтпаева “Жас ұрпаққа тәрбие беру”, “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының жетекшісі - А.Х.Мұхтаров “Позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында баяндамалар оқылды.
3️⃣-бөлім практикалық жұмыспен жалғасын тапты. Практикалық жұмыс 3 секцияға бөлінді: 1-секция “Қ.А.Яссауидің өмірі мен еңбектері және орта ғасырдағы білім мен мәдениет”, 2-секция “Дәстүрлі құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен тарихи сабақтастығы”, 3-секция “Қазіргі отандық білімнің өзекті мәселелері және әлемнің даму тенденциялары” тақырыбында ғылыми баяндамалар тыңдалып, талданды.
🖍📗🖋Шара барысында Қ.А.Яссауи – түркі өркениетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға екендігі тағы да таныла түсті. Оның адамзатты ізгілікке бастайтын еңбектерін жан-жақты зерттеп, насихаттаудың мән-маңызы зор екендігі өз дәлелін тапқан шара болды. Осы бағытта ұйымдастырылған тағылымды әрі танымды іс-шара - құптарлық іс. Бауырлас елдер үшін Түркістан төріндегі Яссауи кесенесі түркі әлемінің талбесгі, ортақ рухнаи мұрасы екендігі өз маңыздылығын көрсетті. Қ.А.Яссауидің мол рухани мұрасын ұлықтауға арналған жиын игі бастамалар мен ілкімді істерге жол ашты.
✅Шара барысында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ басшылығына білім беру ұйымымен тығыз қарым-қатынас орнатып, білім беру ұйымына жыл сайын 1 ректорлық грант бөлініп, қолдау көрсетуді ұсындым.
✅ Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысына және Қ.А.Яссауи атындағы #123 мектеп-гимназиясы басшылығына бірлесіп “Яссауитану” оқу бағдарламасын әзірлеуге ұсыныс білдірдім.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: