» Материалы за Апрель 2014 года

Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияда 27-28 наурыз аралығында өткізілген математикалық "ЖасМат" турнирі жайлы ақпарат

Автор: admin от 23-04-2014, 14:50, посмотрело: 1191

0
Орта буынды қозғау керек!!!

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе"
М.О. Әуезов

Қазіргі таңдағы білім беру - Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, яғни ойлау қабілеті жоғары, жан-жақты жетілген азамат етіп жетілдіру. Еліміздің өркендеуі, дамуы болашақ ұрпақтың еншісінде екендігі бәрімізге бесенеден белгілі, сондықтан да жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу - ұстаздар қауымының міндеті болып табылады. Сол сбеепті орта буын өкілдеріне, яғни 6-7 сынып оқушыларына көбірек тәжірибелер енгізіп, осы буын өкілдеріне қозғау салу қажеттілігі - қазіргі өмір талабы. Осы талапқа байланысты жақында 27-28 наурыз күндері бізде, яғни Қ.А. Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназияда Алматы қаласының Әуезов ауданы мектептерінің 6-7 сынып оқушылары арасында математикалық "ЖасМат" атты турнир өткізілді. Не себепті 6-7 сынып оқушылары ғана деген сұраққа: 5-сынып оқушылар бастауыш буынынан енді келіп жатқандар, әлі орта буынға сіңісе қойған жоқ, ал 8- сыныптан бастап жоғары сыныптар оқушылары арасында жыл сайын мектепішілік, аймақтық, қалалық, облыстық т.б. өребәйгелер баршылық. Математиканың негізгі ұғымдары осы 6-7 сынып бағдарламаларында қаланатыны сөзсіз. Ал осы буынға арналған мұндай әрекеттер жоқтың қасы. Сондықтан да біздер осы буынға қозғау салуды жөн санадық. Сәтін салып жатса, дәстүрге айналдырып, одан жоғары кеңейтуге деген жобаларымыз бар.
Аудан мектептерінің белгілі ұстаздары арасынан әділ-қазылар алқасы сайланып, ол кісілер қызу жұмыстар жасады. Қазылар-алқасының төрайымы болып, Алматы облыстық білім Департаментінің аға әдіскері Нұрсалимова Жұмакүл Әлішқызы, ал қалған мүшелері 1-кестеде көрсетілген:

1-кесте. Қазылар-алқасының мүшелері

Мектеп № Аты-жөндері
5 Миронова Алла Ннурылқызы
6 Будилова Лариса Анатолийқызы
72 Досанбаева Құндыз Нұрланбекқызы
113 Рахимова Ләйлә Тұрсынқызы
123 Мамытова Гүлбаршын Мәкінқызы
141 Акимова Қалдыгүл Төленқызы
173 Қызырхан Балжан Қызырханқызы

* № 141 мектеп-гимназияның орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарғасқаева Ләззат Саятқызы қазылар-алқасына бақылаушы болып тағайындалды.

Бірінші күні ашылу салтанатын мектеп-гимназияның директоры Ашимбаева Бағила Мәсімақынқызы ашып беріп, директордың орынбасары Шойбекова Райхан өткізілу тәртібімен таныстырды. Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтап жатты. 27-наурыз күнгі сайыс 25 есеп-жаттығудан тұратын тест түрінде өткізілді. Қазылар-алқасы шешіп, түйіндеген ұпай санына ие болғандар келесі күнгі, яғни 28-наурыз күнгі 5 есептен тұратын бақылау жұмысын жазды. Не керек, сонымен сайыс болған соң жеңімпаз да, жеңіліс табушылар да болатыны анық. Жеңімпаз жүлдегерлердің тізімі 2-кестеде көрсетілген:

2-кесте. Жеңімпаз жүлдегерлердің тізімі

№ Аты-жөні Мектеп Ұпай Орын Мұғалімі
КТЛ, Тамос Эдьюкейшн, № 126, № 173 мектептері арасынан (бұл мектептер математика бағытындағы мекетептер болғандықтан ұпайлар жүйесі бөлек саналынды), 6 - сынып
1 Досымбаева Айша ТЭФММ 33 I Абдилдинова Сәуле
2 Мухамедұлы Дәуіт 126 29 II Айтбек Анар
3 Кеңесхан Ильяс 173 25 III Тастанбекова Маржан
КТЛ, Тамос Эдьюкейшн, № 126, № 173 мектептері арасынан (бұл мектептер математика бағытындағы мекетептер болғандықтан ұпайлар жүйесі бөлек саналынды), 7 - сынып
1 Мухамеджанов Ғалымжан 173 43,5 I Ахметсадықова Назигуль
2 Алимбетов Абай КТЛ 41 II Султанмуратов Радмир
3 Билялов Шыңғыс КТЛ 40,5 III Ишмухаметов Ерекбулан
Мектептер мен мектеп-гимназилар арасынан, 6 - сынып
1 Чернов Тимур 127 31 I Амирханова Жамиля
2 Бархандинова Асмина 5 30,5 II Кожниязова Салтанат
3 Абдез Раушан 176 28 II Рамазанова Айгүл
4 Туленов Алмас 123 24 III Шындалиева Айгүл
5 Аргунов Илья 42 23 III Мартынюк Ольга
6 Абдурасулов Ерасыл 123 23 III Абишева Асия
7 Смагулова Гульназ 139 23 III Абылбекова Кульзипа
8 Арман Камила 72 23 III Досанбаева Құндыз
Мектептер мен мектеп-гимназилар арасынан, 7 - сынып
1 Турдиев Сухраб 5 35,5 I Иянь Марина
2 Абдукаримов Ильзат 155 35 II Злавдинова Гульмира
3 Тастемирова Аружан 123 31,5 II Мамытова Гүлбаршын
4 Ибрагимова Алина 130 31 III Малявина Алена
5 Асанкулов Азамат 127 31 III Амирханова Жамиля
6 Скрипник Полина 5 30,5 III Иянь Марина
7 Көшімбай Ақжан 123 30,5 III Мамытова Гүлбаршын

Жеңімпаз болғандар тиісті жүлделерін, мақтау-қағаздарын алып мәз болуда. Бұл турнирдің ерекшелігі, жүлделі болған оқушылардың пән мұғалімдері де құр-алақан қалмады. Ад жүлделі бола алмаған оқушылардың жүздерінен "Келесіде, қайтсем де жеңімпаз боламын" деген ұмтылыстарын байқағандай болдық.
Ал енді мұндай іс-шараларға демеушілік жасалмаса, осындай марапаттаулар болмас еді, турнир өткізілмес еді. Яғни демеуші болған мекемелердің арқасында болып жақан іс-қозғалыс деп есептейміз. Осы біздің турнирге демеушілік жасаған басшы азаматтарға баспасөзді пайдаланып, алғысымыз Сіздерге математика тілімен айтқанда ШЕКСІЗ!!! Олар "Damu Logistics" компаниясының президенті Тойлыбаев Сәкен Жарқынбекұлы, "Тұран" Университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы, "Инвест Капитал Риэлти" фирмасының директоры Оспанов Тимур Төлегенұлы. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын ..." дегендей.
Жоғарыда айтып өткендей, осындай тәжірибелер көптеп, барлық жерде, барлық білім ордаларында әр түрлі пәндер бойынша жүргізіле берсе, неге осы орта буын өкілдері көтерілмеске! Яғни өскелең орта буынның пәнге деген қызығушылықтары, білімге деген құштарлығы арта бермес пе еді. Сондықтан да орта буын өкілдерін қозғалтайық, ұстаз ағайындар!!!

Қ.А. Яссауи атындағы № 123 мектеп-
гимназияның математика пәні мұғалімі
Шадаев Мұратбек Тынышбекұлы

Категория: Сабақ кестесі